Алматыда жолаушылар автобусын ұрлап кетті

Бөлісу:
Алматыда жолаушылар автобусын ұрлап кетті
Фото: автордан

Оқиға Түрксіб ауданында болды. Әлеуметтік желілерде жолаушылар автобусының қолды болғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматыда жолаушылар автобусын ұрлап кетті
Өзгелердің жаңалығы