Алматыда жол ережесін бұзып, полиция талабына бағынбаған блогер жауапқа тартылды

Полиция талабын елемеген блогерге 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 21:13
Бүгiн 2026, 21:13
134
Фото: depositphotos.com

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзып, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабына бағынбай қашуға әрекеттенген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдеу кезінде инспекторлар жол қозғалысы ережесін бұзған электросамокат жүргізушісін анықтаған.

Алайда жас жігіт полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын орындамай, қозғалысын жалғастырып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенген. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Сот шешімімен блогерге жол жүру ережесін бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін сот оны кінәлі деп танып, қосымша 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Осылайша, құқық бұзушыға жалпы 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік жаза қолданылды.

Наверх