Алматыда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

28 Сәуір 2022, 22:45
1577
Бөлісу:
Алматыда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол апаты болып, салдарынан көлік жүргізушісі қаза тапты. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.

Алматы полициясының мәліметінше, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болған.

Оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі жолдағы көліктерге соқтығысып, салдарынан аударылып қалған. 1951 жылы туған жүргізуші оқиға орнында қаза болды. Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде адам өліміне де қатысты, – деді Алматы ПД анықтау бөлімінің басшығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Өзгелердің жаңалығы