Алматыда жиһаз жасайтын цех өртенді

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алатау ауданы "Шапағат" ықшам ауданындағы Головацский көшесі,&nbsp;59 мекенжайында жиһаз жасайтын цех өртке оранды.</h4>

29 Маусым 2020 2020, 11:23
АВТОР
 29 Маусым 2020 2020, 11:23
29 Маусым 2020 2020, 11:23
1884

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алатау ауданы "Шапағат" ықшам ауданындағы Головацский көшесі, 59 мекенжайында жиһаз жасайтын цех өртке оранды.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, цехтың өртеніп жатқаны туралы сағат 9:50 кезінде хабарланған.

Аудан аумағында су көзі аз болғандықтан, үздіксіз су жіберу жұмыстары ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің қабылдаған шараларының арқасында 120 шаршы метрді қамтыған көк жалын сағат 10:36 кезінде өшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылған. Конструкцияларды бұзу және су төгу жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Наверх