Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының құрылысын бақылау басқарма басшысының орынбасары Олжас Төлебаев онлайн брифинг барысында жерді заңсыз басып алғаны үшін 950 тұлғаға 213,5 млн теңге айыппұл салынғанын айтты.
Оның айтуынша, аумақты заңсыз басып алу - негізгі заң бұзушылық екенін айтады. Ол қордағы жер есебінен өз жер учаскесі алаңын ұлғайту, яғни аула аумақтары, қоршаулар, қойма ретінде салынған жапсарлас құрылыстар.
Сондай-ақ 1114 жер учаскесінің жалдау мерзімі аяқталған, олар гараж, дүңгіршек, автотұрақ жерлері. Оның 61-і жеке меншікке сатып алу жолымен ұсынылған, 104-і мемлекетке қайтарылған, 473 жалдау мерзімі ұзартылған, 53 бойынша шаралар қолданылды, 423 жұмыста. Жалдау мерзімі аяқталған учаскелердің ЖМО-ға тиісті өтініштер беру жолымен ұзарту мүмкіндігі бар, - дейді ол.
Бақылау қызметі аясында жоспардан тыс 952 тексеру жүргізілген. Оның 539 құрылыс алаңына, 413-і жер телімдеріне қатысты. Нәтижесінде жалпы сомасы 279,3 млн теңгені құраған 1 800 заңбұзушылық анықталыпты. Оның 200 млн теңгесі өндірілген.
Соттарға 466 талап арыз жолданды, оның ішінде 29 заңсыз объектілерді бұзу туралы, 437-і мәжбүрлеп алып қою бойынша. Сондай-ақ сот талқылауынсыз көшелер мен аула аумақтары бойындағы мемлекеттік қор жерлерінде өз еркімен орнатылған 800-ден астам заңсыз объектілер анықталып, бұзылды, - дейді Төлебаев.Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы құрылыс алаңдарында 1 мыңнан астам ереже бұзу дерегі анықталғаны хабарланды.