Алматыда жер сілкінісінен кейін жер үй алатындар көбеймеген

12 Наурыз 2024, 14:58
13635
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісінен кейін жер үй алатындар көбеймеген
Фото: pixabay.com

Жалпы тұрғын үй нарығындағы жағдай қазір өткен жылмен салыстырғанда төмен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші кредиттік бюро жариялаған мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен кейін Алматының өзінде де, жақын маңдағы өңірлерде де жеке тұрғын үйлерді сатып алушылардың саны күрт өсе қоймаған.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жеке үйлерді алып-сату бойынша кішкене өсім бар. Бірақ бұл жер сілкінісінен кейін емес, жалпы елдегі жеке үйлерге байланысты мәмілелердің көбеюінен болуы мүмкін.

Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда Алматы қаласында 19,3%-ға (477 бірлікке дейін), Алматы облысында 2,9%-ға (804 бірлікке дейін), ал Жетісу облысында 12,3%-ға (356 бірлікке дейін) өсім байқалады. Бұл негізінен жалпы трендке байланысты болуы мүмкін: ақпан айында бүкіл ел бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 26,6%-ға, (30,5 мың бірлікке дейін) өсті. Яғни, қандай да бір күшті өсім болды деп айта алмаймыз. Жалпы, жеке тұрғын үй нарығындағы жағдай қазір жоғары емес. Ақпан нәтижесі – 6 мың бірлік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз, – делінген Data Hub хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы