Алматыда жер сілкінісін хабарлайтын 28 сейсмостанция салынды

8 Желтоқсан 2023, 11:13
469
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісін хабарлайтын 28 сейсмостанция салынды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл жер сілкінісі жайлы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанциясын орнату аяқталды. ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдайтын 545 пункті бар. Биыл қазан айында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және ҚР Сейсмология институты сейсмоаудит басталып, 885,4 млн теңгеге 3 500 нысан қамтылды. Сейсмикалық аудитті жалғастыруға келесі жылы бюджеттен 4,1 млрд теңге қарастырылған, – дейді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бұған дейін әкім Алматыда 73 мың жұмыс орны пайда болғанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы