Алматыда жеңіл көлікпен соқтығысқан «Газель» аударылып қалды

6 Ақпан 2022, 11:38
1269
Бөлісу:
Алматыда жеңіл көлікпен соқтығысқан «Газель» аударылып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Жол апаты Рысқұлов даңғывлы бойында орын алған. Куәгерлер жол-көлік апатын видеоға түсіріп алған, кейін ол желіде тарады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, кеше түскі сағат 13.00 шамасында Daewoo Nexia маркалы автокөлік бір бағытта кетіп бара жатқан «ГАЗ 3302» маркалы көлікпен соқтығысқан.

Көліктер соқтығысқан соң «ГАЗ 3302» көлігі қатты екпінмен келіп көше бойындағы жарықтандыру бағанына соғылып, сол жерде бір жағына қарай аударылып қалған. Жол-көлік апатынан соң екі көлік те зақымданған,-дейді ПД-ның Анықтау басқармасының басшысы Олжас Шарипов.

Жол апатынан зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеді. Жол апатын куәгерлер видеоға түсіріп, желіге жариялады.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы