Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

19 Мамыр 2021, 00:17
1274
Бөлісу:
Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған ел біріншілігі 21 мамырда басталады. Көктемгі ел біріншілігі құраманың Токио Олимпиада ойындарына дайындық кезеңінің бірі болып есептеледі.

Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар 10000 метр қашықтыққа жүгіру бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Сонымен қатар, Алматыда 2004-2005 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Екі жарыс та 23 мамырға дейін жалғасады. 




Өзгелердің жаңалығы