Кезекті шақырудан қайтып келе жатқанда жедел жәрдем қызметкерлеріне ер адам көмекке жүгініп, әйелін қарауды сұраған. Әйелді тексеру кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді соққыға жығып, денсаулықтарына зиян келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекет жасаған адамға қатысты Алатау ауданының полиция басқармасында іс тіркелген.
Бүгінгі таңда зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.