Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған тас төсемді қопарып тастаған

Қала тұрғындарының сөзінше, тас төсемдер жаңа болған.

Бүгiн 2026, 09:35
АВТОР
 Threads Бүгiн 2026, 09:35
Бүгiн 2026, 09:35
242
Фото: Threads

Алматыда Ботаникалық бақ маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған тас төсемді (плитка) қопарып тастаған. Бұл туралы алматылық тұрғын Threads желісінде жазды. 

Бұл жерде сапалы төсемтас жатқан. Бірақ әкім оны алып, қайта төсеуді ұйғарған, - деп жазды алматылық. 

Қала тұрғындары да бұл жаңалыққа наразы болған. 

Қаланы не істеп жатыр? Неге қалада жыл сайын жаз келгенде бір көрініс қайталанады? Жұрт кептелістен жазда болса да құтылдық па дегенде, көшелерді қайта қазып, бәрін қайта бастайды. Жап-жаңа бордюрлерді жаңасына ауыстырып жатыр.

Бүгін жолдасым екеуміз сол жерден өттік. Біз де қатты таңғалдық. Қасында жатқан төсемтастар жап-жаңа ғой. Оның орнына велосипед жолын салу керек еді, ал бұлар төсемтасты ауыстырып жатыр. Оның үстіне, төсемтастарды өте ұқыптап жинап жатыр. Әлдекімнің үйіне апарылатын сияқты көрінеді, - дейді қала тұрғындары. 

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы бұл жағдайға қатысты қысқа жауап берді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Тимирязев көшесінің Жандосов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігін абаттандыру жобасы жүзеге асырыла бастаған.

Бұған дейін алматылық жүргізушілерге бір көшенің бір айға жабылатыны ескертілді. 29 маусымнан 29 шілдеге дейін Жуалы көшесінің Төле би көшесі мен Райымбек батыр даңғылы аралығындағы бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылады.

Тағы оқи отырыңыз: Полицейдің өліміне қатысты іс: Жасөспірімдер үйқамаққа алынды 

Алма-Арасанда жол апаты болды: бірнеше адам жарақат алды 

«Жедел жәрдем кіре алмады»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында әйел босанып қалды 

Наверх