Алматыда жол қиылыстарының бірінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 7 қазанда сағат 17:20-да Әуезов ауданында болған.
Жедел жәрдем жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта қарсы бағыттағы жолақпен келе жатып, Береговой көшесінің қиылысында оңтүстікке қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты, - деді полиция департаменті өкілдері.
Оқиға салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция бөліміндегілер анықтап жатыр.