Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталады

5 Наурыз 2022, 20:52
2048
Бөлісу:
Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған  «Жасыл қала» науқаны басталғанын мәлімдеді. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады. 

Науқан қатысушылары отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru элентронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;
2. Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);
3.Сұралып отырған көшет түрі мен саны. 

Өтініштер 9-18 наурыз  аралығында қабылданады. Көшеттерді Бостандық ауданы, Тәжібаев көш., 155а ( «STAMP SERVICE» ЖШС базасы) мекенжайынан алып кетуге болады. 

Келіп түскен өтініштер 19-27 наурыз аралығында қарастырылып, ағаш отырғызу жұмыстарын 28 наурыз бен 12 сәуір аралығында жүргізу жоспарланған. Соңынан жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға фото есеп жолдау қажет. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қарастырылмайды. Қосымша ақпарат алу үшін  Жасыл қорды бақылау бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 272-54-89, 87479958147. 
 

Өзгелердің жаңалығы