Алматыда Жастар жылы қорытындылады

26 Желтоқсан 2019, 15:58
3510
Бөлісу:
Алматыда Жастар жылы қорытындылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен "Tuńǵyshtar kezeńi" атты жастар форумында Жастар жылының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Форум барысында Алматы қаласы жастар ұйымдарының әлеуметтік жобалары таныстырылды. 

Алматы – жаcтар қаласы. Бүгінгі күні мегаполистегі жастар саны 700 мыңға жуық. Яғни, қаланың әрбір үшінші тұрғыны – жас адам. Олардың 233 мыңы – студенттер. Білім қуған жастар 39 жоғары оқу орны мен 80 колледждерде сапалы дәріс алуда. Достар, еліміздің болашағы біздің білімімізге, күш –жігерімізге және патриотизмге тікелей байланысты, - деді шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

3.jpg

Қала әкімдігі жастарды қолдау мен оларды дамытуға ерекше назар аударады. Қолжетімді әрі сапалы білім алу, еңбекпен және тұрғын үймен қамту, жас отбасыларға қолдау көрсету мәселелері шешімін табуда. Тұңғыш президент – Елбасы тапсырмасының аясында жұмыс істейтін жастарға қазірдің өзінде жалдамалы тұрғын үйден 249 пәтердің кілті тапсырылды.

Көптің қолдауына ие болған "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. 2020 жылы жұмыс жасайтын жастар қосымша 1000 пәтермен қамтамасыз етіледі.

Жастарды еңбекпен қамту ойдағыдай жүзеге асуда, мысалы, жыл басынан бері қарай 29 жасқа дейінгі 14 966 жас жұмысқа (12019 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 1140 адам жастар практикасына тартылды, 450 адам әлеуметтік, ал 1357 адам қоғамдық жұмыстарды атқаруда) орналасты. 664 адам қысқа мерзімді курстарда оқыды.

2.jpg

Алматы қаласының "Бастау бизнес" бағдарламасының "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша бірінші, екінші және үшінші кезектерде NEET санатындағы 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар білімдерін жетілдірді. Жоба қаланың сегіз ауданын түгел қамтыды, сабақтар 34 оқу сыныптарында өтті. Бұл жоба жастарға кәсіпкерліктің негіздерін үйретті, өз істерін ашуға мүмкіндік берді, жарты миллион теңге көлемінде (200АЕК) грант ретінде алғашқы капитал алуға жол ашты. Сонымен қатар, жобаға қатысқандардың әрқайсысы 16 759 теңге көлемінде стипендия алды.

Алматы колледждерінде алғашқы жұмысшы мамандығын алуға барлық жағдайлар жасалған. Ол үшін қала колледждерінде жұмысшы мамандығын тегін оқыту үшін жыл сайын 11 мыңнан астам орын бөлінеді. Жұмысшы мамандығы бойынша оқитын студенттерге ыстық тағам, стипендия беріледі.

Болашақ Алматы – кәсібилердің, ғалымдардың, басқарушылардың, бизнесмендердің және басқалардың жаңа ұрпақтары тұратын, өмір сүретін және еңбек ететін Алматы. Олар – мына сендерсіңдер, жастар. Сендер – қаламыздың баға жетпес адами капиталысыңдар, - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Алматы жастары мен волонтерлері ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Нұр-Сұлтан қаласында жастармен кездесу кезінде волонтерлер туралы айтқан бастамасына қолдау білдірді. Осыған орай, Алматы қаласында негізгі бағыттар бойынша жұмыс топтары белгіленді, бағыттар мынадай: "Сабақтастық", "Саулық", "Таза әлем", "Асыл Мұра", "Қамқор", "Білім", "Үміт".

Форум барысында әр салада жұмыс жасайтын белсенді жастар марапатталды. Олардың арасында жас кәсіпкерлер, ғалымдар, режиссерлар, әртістер, суретшілер, жоо-ның оқытушылары, жастар қозғалыстарының көшбасшылары бар.


Өзгелердің жаңалығы