Алматыда жас жігітті соққыға жыққандар ұсталды

4 Сәуір 2024, 09:49
2388
Бөлісу:
Алматыда жас жігітті соққыға жыққандар ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Алматыда зорлық-зомбылықпен билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейне ролик әлеуметтік желілерде жарияланған. Онда жас жігітті ұрып-соққан сәтті көруге болады.

Аталған жағдайға Алматы қалалық ПД түсінік берді.

Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр,- дейді қалалық полиция департаменті

Өзгелердің жаңалығы