Алматыда жас қыз шолу дөңгелегінен секіріп, мерт болды

24 Маусым 2024, 18:17
1019
Бөлісу:
Алматыда жас қыз шолу дөңгелегінен секіріп, мерт болды
VIDEO
Фото: ailand.kz

Қайғылы оқиға Алматыдағы Горький атындағы саябақта болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz атап өткендей, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бойжеткеннің қаза болғанын растады.

Ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды, - деп атап өтті ведомство.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткеннің не себепті мұндай қадамға барғаны анықталатын болады.

Видео: "Криминальный Казахстан" телеграм арнасынан

Өзгелердің жаңалығы