Алматыда жарықтың өшірілуіне не себеп болғаны анықталды

21 Шілде 2023, 12:01
677
Бөлісу:
Алматыда жарықтың өшірілуіне не себеп болғаны анықталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының 3 ауданында бірқатар секторды электрмен жабдықтау бір сағат ішінде қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясын беру бір сағат ішінде жаңартылды.

Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды. Штаттан тыс жағдай - ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануынан болған, - деді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары.

Өзгелердің жаңалығы