Алматыда жаңа туған нәрестесін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматылық тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған. Полиция қызметкерлерң жаңа туған баланы тастап кеткен әйелді іздестірген еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 pixabay.com 31 Қаңтар 2025 2025, 15:55
31 Қаңтар 2025 2025, 15:55
3555
Фото: pixabay.com

Алматылық тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған. Полиция қызметкерлерң жаңа туған баланы тастап кеткен әйелді іздестірген еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Жедел жәрдем" қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне бір-екі сағат қана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыздың анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Наверх