Алматыда жаңа туған нәрестені 2 млн теңгеге сатып жібермек болған

22 Тамыз 2022, 17:00
1836
Бөлісу:
Алматыда жаңа туған нәрестені 2 млн теңгеге сатып жібермек болған

Алматыда жаңа туған нәрестені сатуға тырысқан. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам ұсталды. Олардың әрқайсысының өздеріне бөлінген нақты міндеттері болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туғанына алты күн болған қызын  24 жастағы әйел мен оның 21 жастағы азаматтағы некедегі жолдасы  сатуға тырысқан.  Екі ай бұрын ерлі-зайыптылар әлі дүниеге келмеген баланы сатып алатын адамдарды іздей бастағаны анқталған. Баланы 2 млн теңгеге  сатып алуға Алматы тұрғындары ( 48 жастағы ер адам мен  46 жастағы әйел) келіскен .  Баланы сату өткен демалыс күндеріне белгілеген. Криминалдық полиция және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары жүргізген арнайы операцияның арқасында бұл жоспар жүзеге аспай қалды, - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Оның айтуынша, алғашқылардың бірі болып қыздың биологиялық ата -анасы ұсталған, содан кейін сатып алушылар мен делдал болған ерлі-зайыптылар да ұсталған.

Одан кейін ақшаға баланың құжаттарын жасап бермек болған 56 жастағы әйел де ұсталды, - деді Дидар Аханов.

Полиция сатып алушылар мен делдалдардың  нәресте мен келісілген ақшаның қалғанын беру кезінде ұсталғанын атап өтті. 

Ескере кететін жайт, кездесу кезінде делдалдардың қолында шамамен 3 және 7 айлық тағы екі нәресте болған.  Ер адам бұл олардың туған балалары екенін айтқан. Біраұ балалардың құжеттары болмаған. Осылайша, осы арнайы операцияның нәтижесінде күдіктілерден үш бала алынды.  Оларды тексеру үшін, қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды «тірі тауар» ретінде де қолдануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу кезінде анық-қанығы анықтала жатар,  - деді  Дидар Аханов.

Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, аталған факті бойынша ҚК 135-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы