Алматыда жаңа студенттік жатақхана ашылды

22 Желтоқсан 2023, 23:12
577
Бөлісу:
Алматыда жаңа студенттік жатақхана ашылды
Фото: baq.kz

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жаңа студенттік жатақхана ашылды. Бұл ғимарат мейрамхана мен кеңсе ретінде пайдаланылып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Оқу ордасы өз активтерін кері қайтару барысында бұл нысанға күрделі жөндеу жүргізіп, студенттердің игілігіне берді. Жаңа жатақхана заманауи дизайнмен өрнектеліп, онда қажетті жиһаз бен техника қойылған. Енді мұндағы 200 бөлме студенттерге, ал 100 бөлме магистранттар мен жас ғалымдарға беріледі.

Болашақты ойлап, биылдан бері жаңа жатақхананың құрылысына кірістік. Ол тоғыз қабатты ғимарат болады. Онда 500-дей студент тұрады. Қазір біздің серіктесіміз инвестор жұмысына кірісіп, құрылысты бастады. Бір жылдан кейін жатақхана дайын болады, – деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Ақылбек Күрішбаев.

Сондай-ақ оқу ошағында жаңа Орталық стадионның ашылу салтанаты болды. Игі іс-шараға қазақ спортының дамуына серпін беріп, сүбелі үлес қосқан азаматтар қатысып, құттықтады. Мұнда студенттер спортпен айналысып, университеттің футбол командасы шынығады.

Өзгелердің жаңалығы