Алматыда "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" жалпықалалық сенбілігі өтті

21 Қазан 2023, 18:22
834
Бөлісу:
Алматыда "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" жалпықалалық сенбілігі өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Республика күніне арналған жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акция барысында демалыс аймақтар, саябақтар, скверлер, аулалар тазаланып, 5 мың текше метрге жуық қоқыс жиналып, 9 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 

Экоакцияға 34 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 239 техника жұмылдырылды. Негізгі іс-шаралар "Көктөбе" тауының баурайында, ALA саябағында, Алматы индустриялық аймағы мен "Батыс" зиратының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы учаскеде және Көкқайнар шағын ауданындағы Боралдай өзенінің жағасында өтті. 

Жалпықалалық науқанға аудан әкімдіктері де атсалысып, өз аумағында жергілікті сенбіліктер өткізді. Алматы әкімдігі мен "Жасыл Алматы" жобалық кеңсесі қатысушыларға құрал-жабдықтар, көшеттер мен ауыз су ұсынып, жиналған қоқысты полигонға шығарды. 

Акция аясында мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы