Алматыда жаңа полиция бөлімі құрылды

19 Наурыз 2021, 17:26
3308
Бөлісу:
Алматыда жаңа полиция бөлімі құрылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ресми ашылуы өтті.  Оған аудан әкімі, сондай-ақ, Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы қатысты.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында сервистік модельдің негізгі элементі «полиция қадамдық қолжетімділікте» болуы тиіс деп тапсырған болатын. Бұл бағыт бойынша Алматыда көптеген іс атқарылып жатыр, әсіресе қоғамдық орындарда полиция пункттерінің ашылуы қылмыс деңгейін едәуір төмендетті.

Алатау ауданында жаңадан ашылған Полиция басқармасы да Президент тапсырмасының мүлтіксіз орындалып жатқанын көрсетеді.

Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары,  полиция полковнигі Әбдуали Нашарбеков Алатау ауданындағы халық саны Бостандық және Әуезов  аудандарымен теңескенін айтады. 

Алатау ауданы халқының тығыздығын ескере отырып, қоңыраулар мен оқиғаларға жедел әрекет ету мақсатында қала әкімдігі мен Ішкі істер министрлігі Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімін құруға шешім қабылдады.  Министрліктің бұйрығымен ішкі бөлінуге байланысты 90 штат жаңа бөлімшеге енгізілді, - деді Нашарбеков.

 Полиция бөлімінің дислокациясы - Нұркент шағын ауданы 5/16.  Қала әкімдігі бөлген ғимараттың ауданы 400 шаршы метрді құрайды.  Бұл жертөлесі бар 2 қабатты ғимарат.

Өзгелердің жаңалығы