Алматыда зардап шеккен ШОБ өкілдеріне өтемақы төлеу басталды

27 Қаңтар 2022, 19:03
1307
Бөлісу:
Алматыда зардап шеккен ШОБ өкілдеріне өтемақы төлеу басталды

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Өңірлік комиссия шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залал сомасын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін алғашқы екі кәсіпкерге тәртіпсіздік кезінде келтірілген залал үшін өтемақы төленді. Александр Ткаченко «Мобилка» СҮ ұялы телефондарын сатты. Оның бутигі, өзгелердікі сияқты, тоналды және қарақшылар іс жүзінде жойды. Нәтижесінде кәсіпкер 3,2 млн теңге шығынға ұшырады. А. Ткаченко барлық қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін, оған толық көлемде қаражат аударылды.

Басқа кәсіпкер Аркенжан Мирзабаев «Азия парк» СОСО және «Максима» СОСО 2 бутикті жалға алып, балалар киімін сатты. Тәртіпсіздіктің салдарынан оның бизнесіне 1,8 млн теңге залал келтірілді. Оған да өтемақы қаражаты аударылды.

Алматыда зардап шеккен ШОБ өкілдеріне өтемақы төлеу басталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматыда тәртіпсіздік пен тонау салдарынан 1581 кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккен. Шығын сомасы 45,6 млрд теңгені құрайды. Залал сомасын айқындау жөніндегі өңірлік комиссия зардап шеккен объектілер бойынша, оның ішінде жергілікті жерлерге шыға отырып, деректерді жинауды жалғастырады.

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес қала ШОБ-ке бірнеше бағыт бойынша қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді. Осылайша, зардап шеккен бизнес субъектілері жылу, газ, сумен жабдықтау және кәріз бойынша 3 айға коммуналдық шығындардан босатылады. Сонымен қатар, қала меншігіндегі үй-жайларды жалға алатын кәсіпкерлер 6 айға жалгерлік төлемнен босатылады.

Алматыда зардап шеккен ШОБ өкілдеріне өтемақы төлеу басталды

Қосымша Almaty Business-2025 қалалық бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге айналым қаржысынн толықтыруға 10 млн теңгеге дейін жылдық 2%-бен 12 айға кепілмен немесе «Алматы» ӘКК ішінара кепілдігімен жеңілдікті заем беріледі.

Сонымен қатар, зардап шеккен кәсіпкерлерге негізгі қарызды өтеу мерзімін кейінге шегеріп, «Алматы финанс» ЖШС мен микроқаржы ұйымдарында 180 күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар мен өсімпұлдардан босатады. Несиелеудің ең ұзақ мерзімі жарты жылға, қолданыстағы 7 жылдан 7,5 жылға дейін ұлғайтылды, кепілсіз несиелеу бойынша мөлшерлемелер жылдық 12%-дан 9%-ға дейін төмендетілді.
 

Өзгелердің жаңалығы