Алматыда заңсыз салынып жатқан көппәтерлі үй бұзылады

19 Наурыз 2022, 16:47
1238
Бөлісу:
Алматыда заңсыз салынып жатқан көппәтерлі үй бұзылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандыру және Шұғыла шағын ауданы, Байтелі батыр к-сі, 24 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.

«АРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-мен сот ісі өткен жылдың маусым айынан бері жалғасып келеді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтардың өтініштері негізінде тексеру жүргізген болатын. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар бұзушылықтар анықталды, әкімшілік хаттамалар жасалды.

Одан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «АРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-не заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берілді.

Соттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Осыдан кейін Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берілді, 2022 жылғы 18 Наурызда талап қанағаттандырылды.

Өзгелердің жаңалығы