Алматыда заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі

27 Шілде 2022, 13:04
1401
Бөлісу:
Алматыда заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы