Алматыда залалсыздандыру жұмыстары басталады

28 Наурыз 2023, 17:26
1210
Бөлісу:
Алматыда залалсыздандыру жұмыстары басталады
Фото: Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

29 наурыздан бастап Алматыда кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Дезинсекциялық жұмыстар  қала саябақтарын мен гүл бақтарында, орманды алқаптарда жүргізілмек. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды BAQ. KZ.

«Қаламыздағы жалпы ауданы 2424,54 га болатын орманды алқаптарда, қала саябақтары мен гүл бақтарда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Осылайша 8 орманды алқап (1904,924 га), 144 қала саябақтары мен скверлер (519,616 га) қамтылады. 29 наурыздан 28 сәуірге дейін ауа-райына байланысты құрғақ, жауын-шашынсыз күндері кестеге сәйкес жұмытар жүргізіледі. Кене энцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі сапалы болуы үшін өңдеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Екінші кезең мамыр, маусым айларында жүргізілетін болады», – деді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған.

«Дезинсекциялық өңдеу жұмыстарына «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Кенелермен күресу үшін қолданылатын препарат қауіптілігі төмен санатқа жатқызылады. Сондай-ақ, адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Дезинсекциялық жұмыстар таңғы уақыттарда жүргізіледі. Ескерту хабарламалары бар тақталарда орнаталады», – деді спикер.

Қала тұрғындары төменде көрсетілген сақтық шараларын сақтау қажет:

• акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
• жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;
• өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды;
• тұрғындар мен қонақтарға қала саябақтары мен скверлерге, табиғи ошақтарға кенелерге қарсы өңдеу жүргізуде және одан кейін 3 күнде бармау керек.

Өзгелердің жаңалығы