Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана анықталды

13 Мамыр 2020, 10:16
1593
Бөлісу:
Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана анықталды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық полиция департаментімен бірлесе жүргізген жұмыс нәтижесінде астыртын ойынхананың қызметін анықтады. 

Департамент мәліметінше, жүргізілген жедел іс-шарасы нәтижесінде  "Нұрлы Тау" тұрғын үй кешінінің пәтерлерінің бірінде астыртын ойынхана ұйымдастырылғаны белгілі болған. 

Тексеріс барысында пәтерде ойыншылар мен қызмет көрсетуші жұмысшылар болды және тінту барысында құмар ойынға арналған покер ойынының кейсі, ойын карталары, фишкалар және ақша тәркіленді, - делінген хабарламада. 

ҚР  "Ойын бизнесі туралы" заңының 11-бабына сәйкес ойынхана және ойын автоматтарының қызметін тек Алматы облысы Қапшағай су қоймасы маңында және Ақмола облысы Щучье ауданында ұйымдастыруға рұқсат етілген. Көрсетілген жерлерден бөлек, аумақтарда ойын бизнесін ұйымдастыруға тыйым салынған. 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 307- бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сол күні ойынханада болған азаматтар ТЖ ережелерін бұзғаны үшін қалалық полициямен ӘК-тің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы