Алматыда заңсыз автотұрақпен қамтамасыз еткендер жауапкершілікке тартылды

4 Наурыз 2019, 17:14
1610
Бөлісу:
Алматыда заңсыз автотұрақпен қамтамасыз еткендер жауапкершілікке тартылды

Алматы, BAQ.KZ. Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары ойын-сауық орындары мен басқа да қоғамдық орындарда автотұрақ қызметін көрсететін тұлғалардың қызметін тоқтатпақ.

"Біздің қаланың аумағында автоматтандырылған автокөлік тұрағы жүйесі жұмыс істейтіні белгілі. Дегенмен, кейбір аудандарда жүргізушілерге автокөлікті тұраққа қоюға немесе шығаруға көмектесіп алып, артынан көрсетілген қызметтері үшін ақша талап етеді. Жалпы, осындай "тұрақшылардың" әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 449 бабы – қоғамдық орындарда азаматтарға маза бермеу бойынша қарастырылады. Ағымдағы жылдың басынан бері полиция инспекторларымен 247 заңсыз "тұрақшылар" әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, олардың тізіміне, қоғамдық көліктердің уақытын есептейтін адамдарда кіреді. Белгілі болғандай, "диспетчер" деп аталатындардың да іс-әрекеттері заңсыз болып табылады және жолаушылар тасымалымен айналысатын ұйымдарда бұл ұстаным кездеспейді", - дейді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Төрехан Исин.

Сондай-ақ ол, қылмыс үшін жауапкершілікке тартылған азаматтармен түсіндірме жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. 

"Егер, олар осындай құқық бұзушылықты қайтадан жасайтын болса, бұдан да қатаң шаралар қабылданатындығы айтылды. Тіптен әкімшілік қамауға дейін. Сонымен қатар, жүргізуші паркомат арқылы жүзеге асырылатын автотұрақ үшін төлеуді де білуі керек", - деді подполковник Исин.

Өзгелердің жаңалығы