Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жедел іздестіру операциясы 24 сәуірден 25 қараған түні жүргізілді. Нәтижесінде ведомства қызметкерлері қала орталығында жұмыс істеп келген құмар ойын мекемесін анықтап, барлығы 30 адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты.
Оның айтуынша, қала орталығында жұмыс істеп келген заңсыз казиноның жолын кесу операциясына Алматы қаласындағы агенттіктің департаменті, ҰҚК және ҚР Ұлттық гвардиясының "Бүркіт" арнайы жасағы тартылған. Бұл мекеме карантин уақытында наурыз айынан бері жұмыс істеп келген.
Жедел іздестіру операциясы 24 сәуірден 25 қараған түні жүргізілді. Нәтижесінде ведомства қызметкерлері қала орталығында жұмыс істеп келген құмар ойын мекемесін анықтап, барлығы 30 адамды ұстады. Оның қатарында келушілер мен сонда жұмыс істейтіндер де бар,-деді ол.
Құмар ойынға кіре берісте арнайы рұқсат жүйесі болған, яғни оған тұрақты клиенттер ғана кіріп отырған.
1000 шаршы метрді құрайтын ойын алаңын тәркілеу барысында 6 покер және америкалық рулетка ойын үстелі, көптеген ойын карталары мен фишкалары, сонымен қатар ірі көлемде ақша болды. Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру дерегі бойынша ҚР ҚК 307 бабы 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр,-дейді Ақуан."Заңсыз казинода" болғандардың барлығына ТЖ режимін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Сондай-ақ, соттың шешімімен ұсталған 18 адам 5 тәулікке қамауға алынған, 6 тұлғаға 166 680 теңге көлемінде айыппұл салынды, яғни әрқайсысына 27 780 теңгеден.