Алматыда сауда орталығындағы хайуанаттар зообағы жабылады

16 Қаңтар 2020, 17:07
1665
Бөлісу:
Алматыда сауда орталығындағы хайуанаттар зообағы жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімдігі "Almaty Mall" сауда орталығындағы хайуанаттар зообағындағы жағдай бойынша түсінік берді.

Алматы қаласының әкімдігі жұртшылықтың пікірімен келіседі және "мұндай мәдени-ағартушылық қызметті" адамгершілік нормаларына сай емес деп есептейді. Біз "Almaty Mall" сауда орталығының әкімшілігімен аталған хайуанаттарға етене жақын болу зообағының иесімен келісім шартты бұзуды және оның қызметін бір ай мерзімге тоқтату бойынша келісімге қол жеткіздік, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Әкімдік сонымен қатар мұндай мекемелердің іс-қызметі ҚР заңнамасы бойынша реттелмегенін хабарлады.
Айта кетерлігі, бұл Алматыдағы алғашқы жағдай емес, хайуанаттарға етене жақын болу зообағында арыстан, жолбарыс сынды жыртқыш аңдардың төлдері (алан, арлан, пантера) болады. Өкінішке орай, мұндай мекемелердің іс-қызметі ҚР заңнамасы бойынша реттелмеген. Сондықтан біздің тарапымыздан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігіне хайуанаттарға етене жақын болу зообағының жұмыстарына тыйым салу жөнінде Заң әзірлеу бойынша ресми хат жіберіледі, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы тұрғындары желіде аталған сауда орталығындағы хайуанаттар зообағы жайлы жазып, ондағы жануарлардың таза ауаға шықпай ғимарат ішінде қамалып отырғанына алаңдаушылық білдірген болатын.
Өзгелердің жаңалығы