Алматыда бүлінген мурал қайта қалпына келтірілді

5 Қараша 2019, 15:27
3589
Бөлісу:
Алматыда бүлінген мурал қайта қалпына келтірілді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда тұрғын үйдің қасбетін жылыту бойынша жөндеу жұмыстары кезінде зардап шеккен атақты "Әлемдерді біріктіре" муралының реконструкциясы аяқталды.

Бүгін суретшілердің жетекшілігімен қалпына келтіру жұмыстарының бастамашылар тобы журналистерді стрит арт шеберлерінің ең көрнекті суреттері орналасқан бірнеше жерлерді көруге шақырды.

Мурал – бұл толық өнер туындысы болып табылатын және граффитиден өзге стрит арт нысаны. 2015 жылы "Әлемдерді біріктіре" муралын бірнеше жыл бойы өткізіліп келе жатқан ARTBAT FEST фестивалі аясында Doxа Art тобы – Қырғызстан суретшілерінің тандемі құрған. Алайда бертінде тұрғындар үйдің қабырғаларын қаптап, жылыту жұмыстарын жасаған. Дегенмен бүлінген муралға суретші Арыстанбек Шалбаев жаңа өмір сыйлады.

МУР.jpg

Муралды қалпына келтіру жұмыстары Алматы муралдарын құру жобасының серіктесі финдық Tikkurila компаниясының бастамасы бойынша ұйымдастырылған.
Муралды қалпына келтіру жұмыстарын көптеген қала тұрғындары қызығушылықпен тамашалады. Бұл жоба қала тұрғындарына ұнағанына қуанышытмыз және алдағы уақытта да шығармашылықтың осы түрін дамытуға ұмтыламыз, - дейді Tikkurila компаниясының Орталық Азиядағы бөлімшесінің коммерциялық директоры Әйгерім Тұрлыбекова.
Оның айтуынша, салынған мурал кемінде 5-6 жылға дейін шыдауы керек. Кейін орнына басқасы салынады.

МУР3.jpg
Үйдің қабырғасына бейнеленген суреттер мір бойы тұру керек деген шарт жоқ. Мәселен, Еуропада олар әр жыл сайын ауысып отырады. Қаланың өмірімен бірге тыныстап, айшықты оқиғалармен бейнеленіп отырады. Біздің ұйымдастыруымызбен салынған муралдарға 5 жылдай болып қалды. Алдағы уақытта бүлінгендерін қайта жөндеп немесе орнына басқасын салатын боламыз, - дейді Әйгерім Тұрлыбекова.

Сонымен қатар, ол бір муралды салуға 600-700 мың теңгенің бояуы кететінін айтты.
Муралдарды салу жұмыстары алғаш рет 2015 жылдары қолға алынды. Ол кезде қала тұрғындары оны дұрыс түсінбеді. Мурал салу жұмыстары қала әкімдігімен келісіп жасалады. Эскиздерді суретшілер мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп шешеді. Біз тек бояу беріп, жұмысты ұйымдастыруға көмектесеміз. Алғаш салынған муралдарға таза финдік бояулар жұмсалды, қазір өзімізде шығып жатқан өнімдерді беріп жатырмыз, - дейді Әйгерім Тұрлыбекова.
МУР4.jpg


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда 30-дан астам мурал бар, олардың әрқайсысы өзінің тарихы мен тақырыптарымен ерекшеленеді.
Мурал салу өнері түрлі елдердің суретшілерімен тәжірибе алмасу. Яғни мұндай өнерге өзге елдің суретшілері көптеп тартылады. Яғни мәдени байланыс орнату. Алматыда Қырғызстан, Ресей елінен келген суретшілердің жұмыстары бар. Көптеген фестивальдер ұйымдастырылуда, соның аясында әдемі жұмыстар өмірге келіп жатыр. Тек Алматы емес, қазір Нұр-Сұлтан қаласында да өнердің бұл түрі жандана бастады. Алматыда алғашқы мурал 2012 жылы ARTBAT FEST фестивалі аясында салынды, - дейді "Еуразиялық мәдениет альянсы" ҚБ-нің директоры Игорь Слудский.
МУР1.jpg



Директор сонымен қатар мурал салу үшін қандай үйлер таңдап алынатынын да айтып өтті.

МУР5.jpg
Мурал салу үшін көпшілікке жақсы көрінетін, орналасуы ыңғайлы үйлер таңдалады. Ол жолдың бойында болуы да мүмкін. Ал тақырыбы қалада өтіп жатқан маңызды іс-шарамен байланысты болуы мүмкін. Көбінде салт-дәстүр, мәдени тақырыптар беріледі, - дейді ол.    

Алматыда қазір көптеген мурал бар. Олардың тақырыбы да әр қилы, мәселен әл-Фараби даңғылымен Үлкен Алматы өзенінің қиылысындағы мурал "Әлемдерді біріктіре" деп аталса, Мамыр ықшамауданында "Алтын Квадрат", Ақсай ықшамауданында "Киіз үй" атты бейнелер бар.




Өзгелердің жаңалығы