Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың басынан бері қалада вирус жұқтырудың 22568 жағдайы тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1109,2 көрсеткіш, соңғы тәулікте 709 жағдай тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Тәуліктік өсім 1,7 құраған. Соңғы 7 күнде сырқаттанушылық көрсеткіші R – 1,2 сақталып отырған репродуктивтік сан кезінде 234,8-ден 241,8-ге дейін өсті. Осы жылдың сәуір айында аурушаңдықтың болжамды өсуі жалғасуда, КВИ індетінің апталық даму серпіні болжамға сәйкес келеді - 4376 жағдай, іс жүзінде 1-7 сәуір аралығында КВИ-дің 4340 жағдайы тіркелді.
Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның өсу себептері, бұрын айтылғандай, ең алдымен, Сovid-19 мутацияланған штаммдарының таралуы болып отыр. Аурудың өсуі мутацияланған штаммдарды анықтаумен сәйкес келеді, онда қысқа инкубациялық кезең, барлық жас топтарының, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың зақымдануы, ауыр ағым және жоғары өлім-жітім байқалады. 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ ауруының өсуі сәуірдің соңғы 7 күнінде 64 жағдайға жетті, наурыз айының 1 аптасындағы 12 жағдай болған. 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жағдайларының апталық тіркелуі мутацияланған КВИ штаммдарының таралуына қарағанда 5,3 есе өсті,-делінген хабаралмада.
2020 жылы 1 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 165 КВИ жағдайы тіркелген. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру 107 жағдайдан 372-ге дейін өскен.
Соңғы 14 күнде 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында КВИ ауруының 1,1% – ға, 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 3,5% - ға төмендегені байқалады. Керісінше, 40-59 жастағы азаматтар арасында 1 деңгейде 1,4% - ға, ал 60 жастан асқан адамдарда ауру сәйкесінше 4% - ға өсті. Бұл жағдай мутацияланған вирустың нәрестелерге, балаларға және үлкен жастағы адамдарға бағытталғандығын көрсетеді,-делінген хабаралмада.
Соңғы 14 күнде ең көп КВИ жұмыс істемейтін тұрғындар арасында тіркеліпті - 35% (2967 адам), олардың ішінде келушілер, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері – 23% (1977 адам), зейнеткерлер арасында – 17% (1417 адам), оқушылар арасында – 6,2% (527 жағдай) және мектеп жасына дейінгі балалар арасында - 4% 339 КВИ (283 ұйымдастырылмаған балалар (83,5%), балабақшаларға келушілер-56 (16,5%), бұл мутацияланған вирустың нәрестелерге, сәбилерге және үлкен жастағы адамдарға (60 жастан асқан) бағытталғандығын растайды. Халықтың қалған санаттары арасында жағдайлардың 0,3-тен 2% - на дейін тіркелді.