Алматыда вирус жұқтыру тәулігіне 700-ден 290-ға дейін төмендеді

27 Мамыр 2021, 11:08
8650
Бөлісу:
Алматыда вирус жұқтыру тәулігіне 700-ден 290-ға дейін төмендеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Ққоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, соңғы күндері қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайған. Бұған дейін күніне 715-ке жуық науқастан инфекция анықталса, қазір ол 290-ға дейін төмендеген.

Қазір жағдай тұрақталып келе жатыр. Сәуір айында үйде ем қабылдаған науқастардың саны 7 мыңнан асқан еді, қазір дәрігердің бақылауында 1 700 науқас бар. Оның ішінде жағдайы орташа науқастың саны 74. Бұл жерде науқастардың саны 5,5 есе азайғанын көріп отырмыз,-дейді ол.

Сонымен қатар ол наурыз-сәуір айында ауруханаға түскен науқастар санына қарағанда қазір жағдай біршама жақсарған.

Үшінші толқын келгенде ауруханаға тәулігіне 450-470 науқас жатқызылған епді. Ал, кеше ауруханаға 97 науқас жатқызылды, яғни науқастар саны 4,5 есеге азайған. Сәуір айында бір тәулікте 450 адам ауруханаға жатқызылған кезде бір аптада 3,5 мың науқасқа жетіп отырды. Қалада инфекциялық орындарды дайындаудың арқасында бұл күрделі жағдай біліне қойған жоқ. 450 деген біздің орталық аурухананың барлық төсек-орнының көлемі, яғни ол бір күнде толып отырған,-деді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар ол жағдайдың түзеліп келе жатқанына халықтың сақтық шараларын қатаң сақтауы мен вакцина алу оң әсер еткенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы