Алматыда вирус жұқтырған 200-ге жуық бала емделіп жатыр

9 Тамыз 2021, 11:50
4947
Бөлісу:
Алматыда вирус жұқтырған 200-ге жуық бала емделіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Қаланың инфекциялық стационарларында жалпы саны 5 591 адам емделіп жатыр, оның 187-сі бала. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

2021 жылдың 8 тамызында 1503 адамнан вирус анықталған, оның 1410 симптомдық белгілері бар және 93 симптомсыз. Барлық емделіп шығарылғандар – 218, келіп түскен науқастар саны – 596.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 397 науқас ем алып жатыр. ӨЖЖ аппаратында – 63 науқас, инвазивті емес ӨЖЖ – 159, High flow аппараты арқылы 152 науқас дем алып жатыр. БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 624 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 11 097, симптомсыз 527 науқас бар,-делінген хабарламада.

Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша вакцинаның1-компонентін 4 063 адам, 2-компонетін 5 722 адам салдырған. Жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 771 233 адам алған.

Вакцина алғандар ішіндн 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 104 526. Алматыда медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы