Алматыда VIII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтті

6 Қазан 2022, 21:50
927
Бөлісу:
Алматыда VIII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтті

Алматыда басталған VIII Еуразиялық монополияға қарсы форумда елдегі барлық нарық субъектілері мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алуы тиіс екендігі айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровтың мәлімдеуінше Үкімет және салалық реттеушілермен бірлесіп, бәсекелестікті дамытудың жол карталары әзірленеді. 2014 жылдан бері Қазақстанда дәстүрлі өтіп келе жатқан ауқымды форумға отандық сарапшылар мен Үндістан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен келген мамандар қатысуда. Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы, санкциялар кезеңіндегі бәсекелестік саясаты, валютаның құбылмалы жағдайындағы ретсіз бәсекелестік мәселелері талқыланды. Марат Омаров агенттік жұмысының стратегиялық бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, кәсіпкерге жекешелендірудің жаңа механизмін қолдану құқын беру жайы сөз болды.

Үкіметпен бірлесіп әзірлеуді жоспарлап отырған жол картасының ерекшелігі, біз әрбір мемлекеттік органмен, салалық қауымдастықтармен бірге алдағы 3-4 жылда бәсекелестікті дамыту үшін цифрланған нақты іс-шараларды әзірлейтін боламыз. Бұл салалық мемлекеттік органдармен тікелей пысықталатын құжат болмақ. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан ғана емес, салалық мемлекеттік органдардың пікірлері де ескерілетін болады. Көмір, мұнай өнімдері, электр энергиясы және телекоммуникация нарығы тыс қалмайды. Бұл қызмет сапасының жақсаруына әсер етеді, - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.

Өзгелердің жаңалығы