Алматыда вакцина салу жалғасып жатыр

6 Сәуір 2021, 14:32
1467
Бөлісу:
Алматыда вакцина салу жалғасып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали онлайн брифингте айтты.

Бұған дейін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцина біту себепті 3-4 күнге екпе салу жұмысы тоқтатылғанын мәлімдеген. Бірақ бүгінгі брифингте вакцина салу әлі де жалғасып жатқаны айтылды.

Ақпанның 1 мен сәуірдің 5 аралығында 44 315 адам «Спутник V» вакцинасын салдырды. Оның ішінде 6 200 адам вакцинаның екі компонентін де салдырған. Ал сәуір айы басталғалы 28 713 адамға вакцина салынды. Кеше 4 764 адамға екпе салынды. Екпе салу жұмысы жалғасып жатыр, - деді Лаура Мырзағали.

Сондай-ақ ол сәуірдің 9 күні 5-траншпен қалаға 57 445 доза жеткізілетінін мәлімдеді.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайы өсіп отыр. Бүгін таңертең 585 жағдай тіркелді, оның ішінде 490 жағдай симптом белгісі бар, 95-і симптомсыз.

Осы сәтте стационарда 3 146 науқас жатыр, бұл сан кешке дейін өзгеруі мүмкін. Бір тәулікте 309 науқас келіп түсті. Бүгінде бос төсек-орындар саны 1 080 құрайды. Науқастарды сырқатының деңгейіне қарай эшалон бойынша бөліп жатқызамыз. Сырқаты жеңіл түрде өтіп жатқандар үй карантинінде, яғни 5 251 адам дәрігерлердің бақылауында. Телемедицина орталығы барлық науқаспен байланысқа шығып, жағдайларын біліп отырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы