Алматыда вакцина алған студенттерге Түрген мен Көлсайға жолдама берілді

16 Қыркүйек 2021, 10:45
5907
Бөлісу:
Алматыда вакцина алған студенттерге Түрген мен Көлсайға жолдама берілді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің коронавирусқа қарсы екпе алған бакалавриат, магистрант және докторант студенттері Түрген және Көлсай қорықтарын көруге мүмкіндік алды. Бұл туралы университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Дәуренбаева айтты.

Бұл «жасыл» мәртебесі бар студенттердің екінші сапары. 15 тамызда университет жүздеген студентке Түркістан қаласына жолдама берген. Олар жаңа Керуен сарайды көріп, тарихи орындарға саяхат жасады.
Бізде студенттердің 90%-дан астамы тегін білім алады, сондықтан біз студенттерді оқуға жеңілдік жасап емес, киелі Түркістанға баруды ойластырып, олар үшін тимбилдинг ұйымдастыруды ұйғардық. Осы сенбіде балалар Алматы облысының басқа да қорықтарын аралайды. Ақылы негізде оқитын студенттер үшін біз оқу құнын көтермедік, бізде оқу ақысы ең қолжетімді, - дейді Дәуренбаева.
Айта кетсек, бүгінде аграрлық университеттің 6 факультетінде 7 608 студент оқиды, оның 1 030-ы медициналық көрсеткіштер бойынша вакциналанбаған.

Олардың медотводтары болды, бүгінде олар кезекпен егілуде. Бізге қолұшын емханалар берді, университет базасында 2 егу пункті ашылды. Студенттерге вакцинация орнына барудың қажеті жоқ, бұл - өте ыңғайлы, - деп жалғастырды проректор.

ЖОО-да 18 жасқа толмаған студенттер де бар, олардың саны - 1 016 адам. Сондықтан олар әлі вакцина алмаған.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің периметрі бойынша Ashyq жобасының QR-кодтары орналасқан. Ғимаратқа кіру тек «жасыл»  мәртебесі бар мұғалімдерге және «көк» және «жасыл»  мәртебесі бар студенттерге рұқсат етіледі. Жатақхана ғимараттарында да дәл осы алгоритм.

Біздің жатақханада басқа қалалардан келген бірінші курс студенттері тұрады. Барлығы 1 232 адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саны – 509, олар вакциналанбаған. Санитарлық дәрігерлердің талабына сәйкес әр бөлмеде 2 студент тұрады. Барлық қабатта санитайзерлер орнатылып, коменданттар тазалықты жиі қадағалайды, үй-жайлар желдетіліп, негізгі антиковидті шаралардың сақталуы қадағаланып отыр, - деді Ж. Дәуренбаева.

Проректор университеттің барлық профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері 100% вакциналанғанын айтты. ЖОО-да барлығы 762 оқытушы және 602 әкімшілік қызметкер жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы