Алматыда үш адам жасөспірімдерді тонап кетті

6 Қазан 2022, 21:17
897
Бөлісу:
Алматыда үш адам жасөспірімдерді тонап кетті

Алматыда үш адам жасөспірімдерді тонап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір жарым сағаттың ішінде “қылмыстық үштік” Наурызбай ауданының аумағында екі қылмыс жасады. 

Сағат 15:00 шамасында қаскөйлер мектептен қайтып келе жатқан үш балаға шабуыл жасады. Олар кәмелетке толмағандардың ұялы телефондары мен ақшасын ашық түрде иемденіп алған. Арада бір жарым сағат өткен соң қаскөй 41 жастағы ер адамды тонап кетті. Бұл жолы жәбірленушінің ұялы телефоны мен құжаттары қылмыскерлердің жемтігіне айналды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер сол күні ұсталды. Олардың жасы – 24 пен 34 жас аралығында. Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес тіркелді. Ұялы телефон, құжаттар айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына тіркелді. Ұсталған адамдардың жеке басын осыған ұқсас басқа да деректерге қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Өзгелердің жаңалығы