ҰҚК Академия курсантының қаза болуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші оқу жылы курсантының денесі табылды. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру, - делінген комитеттің ресми сайтында.
Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетіліп жатыр.