Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті

18 Наурыз 2024, 15:10
3075
Бөлісу:
Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті
PHOTO
Фото: автордан

Фестиваль барысында ұлттық киімдер топтамасы көрсетілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті

Іс-шара барысында Қазақстанның этно-дизайнерлер одағының өкілдері, Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері, Қазақ ұлттық өнер колледжінің студенттері, сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасының «Алматы әжелері» тобы өз жұмыстарын ұсынып, заманауи стильде ұлттық киім тігудің жаңа трендтері туралы баяндады. 

Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті

Биыл ел Президентінің қолдауымен үлкен «Наурызнама» тұжырымдамасы бекітілді. Соның бір күні – бүгін Ұлттық киім күні. Бұл іс-шараға қатысатындар ғана емес, бүкіл ұжым болып қазақы нақыштағы киімдерді киіп жүрміз. Бірақ бұл үрдіс бір күнмен шектеліп қалмауы керек секілді. Біз ұлттық дүниелерімізді, болмысымызды, салт-дәстүрімізді өзіміз құрметтейтін болсақ, өзгелер де құрметпейн қарайды. «Наурызнама» тұжырымдасы 1-2 ай бұрын емес, жақында ғана жарияланды. Сондықтан биыл Ұлттық киім күнін фестиваль ретінде атап өтуді жөн көрдік. Келесі жылы жас дизайнерлердің арасында байқау ретінде өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Абдуалиев.

Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті

Сонымен қатар фестиваль кезінде белгілі отандық дизайнерлердің ұлттық киімдер топтамасы көрсетілді. 

Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті

Қатысушыларға ақшалай сертификаттар табысталады.

Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті

Ең алғашқы жұмысымды Тикток желісіне жарияладым. Ол адамдарға ұнап, маған тапсырыс түсе бастады. Содан кейін өз брендімды ашып, жұмыс істеуге кірістім. Қазір заман дамып бара жатқандықтан, жастар өздеріне ыңғайлы және заманауи киім кигісі келеді. Мен бала кезден этностильді ұнататынмын және өз киімдеріме ою салып үйренгенмін. Қазір менің костюмдарымды кесе, ою, арқар, киіз үй сынды элементтерді көруге болады. Олар бүгінгі күні ерекше әрі көзге тартымды көрінеді. Бізден ең сұранысқа ие киім түрі – қазақы оюмен өрнектелген пиджак. Енді толық костюмнің дизайнын жасауға кірістім. Ол адамдарға ұнайтын болса, оны да тігетін боламыз, – деді «Qazaq heritage» брендінің дизайнері Диана Хамидулла.

Алматыда Ұлттық киімдер күніне арналған фестиваль өтті
Өзгелердің жаңалығы