Алматыда ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі талқыланды

10 Мамыр 2024, 13:05
365
Бөлісу:
Алматыда ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі талқыланды
Фото: автордан

Қалалық Достық үйінде этносаясат тақырыбында халықаралық ғылыми конфереция өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жиын барысында Қазақстандағы этносаясат мәселесі талқыланды. ҚР ҚМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен өткен жиынға Германия, Польша, Грузияның ғылыми зерттеушілері қатысты.

Алматыда ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі талқыланды

Бүгінгі ғылыми конференция барысында этносаясат мәселесі талқыланды. Этносаясат дегеніміз – әртүрлі этнобірлестіктер мен этникалық топтардың арасындағы байланыс, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бағытындағы жұмыс және әлемдік тәжірибе. Елдегі саяси-әлеуметтік және экономикалық реформалар барысында әртүрлі мәселелер туындайды. Ондай сұрақтардың жауабы бүгінгі секілді пікірталас алаңдарында табылып, мемлекетке ұсынылып жатады. Қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайлар шиеленісіп тұрған уақытта ұлт, тіл секілді өте өткір сұрақтарға ғылыми орынды жауап іздегеніміз дұрыс, – деді Саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Амребаев. 

Алматыда ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы