Алматыда «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференция өтті

9 Сәуір 2022, 17:50
2534
Бөлісу:
Алматыда «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференция өтті

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы һәм алаштың Ахметі» атты халықаралық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері, саяси публицист, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ғылыми идеяларын зерттеу, зерделеу,-делінген хабарламада.
 

Халықаралық конференцияны ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы жүргізіп, алғашқы құттықтау сөзді ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Олжас Сүлейменов берді. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есдәулет Ұлықбек Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері жайлы баяндады.

Алматыда «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференция өтті

Онлайн режимінде құттықтау сөзбен: ЮНЕСКО Бас директорының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі орынбасары (видеоүндеу), ЮНЕСКО Штаб-пәтерінен (Париж, Франция) Габриэлла Рамос, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) Мақсат Арғынбеков бейнехабарлама жасады.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы ─ Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап және мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Конференцияға әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, тілтану және тарих саласының жетекші мамандары, зерттеуші ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, халықарарық ұйымдардың, білім беру, зерттеу ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері, оқытушылар, докторанттар, отандық және шетелдік ЖОО студенттері қатысты.
 

Өзгелердің жаңалығы