Алматыда үлкен бокс кеші өтеді

29 Қаңтар 2021, 00:28
2365
Бөлісу:
Алматыда үлкен бокс кеші өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 ақпанда Алматыда MTK Fight Night кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қамшыбек Қоңқабаев пен Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасады.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) ұлыбританиялық Стивен Уордпен қолғап түйістіреді. Ал Жәнібектің қарсыласы әзірге белгісіз.

Мұнан бөлек, дәл осы күні MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы атынан кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсететін Абай Төлеш, Талғат Шайкен, Әли Балоев, Нұрдос Төлебай, Нұртас Әжбенов, MTK Global Kazakhstan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпаздары Торғынбек Әміровпен Нұрбол Сұлтанбай жекпе-жекке шығады.

Өзгелердің жаңалығы