Алматыда ҰБТ тапсыруға келген түлектің өлімі: Министр пікір білдірді

24 Шілде 2024, 17:44
798
Бөлісу:
Алматыда ҰБТ тапсыруға келген түлектің өлімі: Министр пікір білдірді
Фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда ҰБТ тапсыруға келген жас жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді. Ол сот сараптамасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маусымда Қазақ ұлттық университетінің аумағында жасөспірім жігіт қаза тапқан болатын. Оқиға білім ордасындағы субұрқақтың жанында болаған. Марқұм 17 жаста болған. Ол университетке ҰБТ тапсыруға келген. Ол тыйым салу белгісіне қарамастан, субұрқаққа түскен.

Министр Саясат Нұрбек осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ресми себеп - тұншығу, суға батудан тұншығу, - деді ведомство басшысы ZOOM-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, мән-жайдың толық анық-қанығын анықтау үшін тағы екі сараптаманың нәтижесін күту керек.

Олар қосымша ақпарат береді. Тоқ соқты ма немесе құрысудан қайтыс болды ма.., - деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы