Алматыда ҮАК-інде қар көшкіні болды

13 Ақпан 2024, 20:58
1172
Бөлісу:
Алматыда ҮАК-інде қар көшкіні болды
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Үлкен Алматы көліне жақын маңда қар көшкіні болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

    "Қазселденқорғау" ММ мамандары "Қазгидромет" РМК мамандарымен бірлесіп көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру кезінде Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде 13750 текше метр болатын 12 қар көшкінінің өздігінен түскені анықталды. Қар көшкіндерінің көпшілігі көлбеу және таулардың етегінде тоқтаған, көлге төрт қар көшкіні түсті. Бір қар көшкіні ҮАК-іне апаратын автожолды ішінара жауып тастады. Жол тазартылып, қозғалыс қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ТЖД.

Алматы қаласының Қазселденқорғау және ТЖД мамандары қар көшкінінің жоғары дәрежесіне байланысты (таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыз жай-күйі) жақын күндері тауға бармауға кеңес береді.
Автожолда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерімен бірлесіп автокөліктің жүруін шектеу бойынша алдын ала блокпост қойылды. Қауіпті учаскелерде ескерту қалқандары қойылды.

Өзгелердің жаңалығы