Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды

11 Сәуір 2019, 16:59
4830
Бөлісу:
Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ғылым-білім-өндіріс ықпалдастығының нәтижесінде Қазақстанда тұңғыш рет түйенің бұқтырылған етінен жасалған консервілер өндіретін шағын зауыт іске қосылды.

Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды

Шағын зауытта түйе етін инновациялық қаптамада – реторт пакеттер мен ламистерлік банкада тұтынуға дайын ет және ет араласқан жарма консервілері шығарылады.

Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды

2016 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен "Күн Нұры" ЖШС-і грантты жобаға өтінім беріп, "Ғылым қоры" АҚ грантын ұтып алған. Ғылыми жобалардың байқауын ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген. 

"Бұл Елбасының 100 нақты қадамының 64-ші қадамы бойынша атқарылып жатқан жұмыс. Яғни, ғылыми жұмыстардың нәтижесін коммерциялизациялау ісі бойынша жасалған жоба. Осы жоба 2016 жылы өткізілген байқауға қатысып Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен грант иегері атанған. Шағын зауытты салуға мемлекет тарапынан 170 млн теңгенің гранты берілген", - дейді "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин.

Зауытта қазір 12 адам жұмыс істейді және жылына 600 мың консерві шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, зауыт заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген әрі барлық талапқа сай жұмыс істеуде екен.

Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды

"Бізге түйенің етін жеке серіктестеріміз жеткізеді. Қалған өңдеу жұмыстарының барлығы осы жерде істеледі. Біз қорапқа дайын, піскен етті саламыз. Ол екі жылға дейін жарамды. Қаптамалары да иновациялық әрі экологиялық таза болып келеді. Еліміздің дүкендеріне осы жылдың маусым айынан бастап шыға бастайды", - дейді "Күн Нұры" ЖШС директорының орынбасары Әсел Сейітқадірова.

Алматыда түйенің бұқтырылған етін өндіретін шағын зауыт ашылды

Өзгелердің жаңалығы