Алматыда Түркияның 100 жылдығы тойланды

10 Қазан 2023, 14:30
796
Бөлісу:
Алматыда Түркияның 100 жылдығы тойланды
Фото: автордан

Алматыда «Қазақстан мен Түркия екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ғылым Ордасындағы конференцияға белгілі саясаттанушылар, тарихшылар, экономистер мен шығыстанушылар, сондай-ақ Түркияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында өзара стратегиялық қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік қой. Оған дейін біз түркі әлеміне жаттық, түркітілдес тайпалардан тұрдық. Сол замандарда дүниеге келген үлкен-үлкен ойшылдар бар. Бұл ғұламалар барлығымызға ортақ. Енді басымыздың бірігуіне осы тұлғалардың ойы, түсінігі, дүниетанымы негіз болып отыр. Алдағы уақытта ғылыми-академиялық байланысты күшейтуді, ортақ жаңа бір журналдар ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Философия орталығының директоры Серік Нұрмұратов.

Алматыда Түркияның 100 жылдығы тойланды

Конференция барысында екі республиканың қарым-қатынастары тек экономикалық, сауда-саттық және саяси өзара іс-қимыл негізінде ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушылық және тарихи-тұжырымдамалық қатынастарда да қалыптасып келе жатқаны айтылды. Сондай-ақ әлемдегі тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында Қазақстанға әріптестерімен ынтымақтастықты нығайту және арттыру қажеттігі, олардың арасында Түркия Республикасы ерекше орын алатыны атап өтілді.

Қазақ-түрік қарым-қатынасы бауырластықтан бөлек көптеген саласы бар. Ғылым, мәдениет, туризм не сауда-саттық жағында болсын, екі елдің қарым-қатынасы жыл өткен сайын тереңдеп, дамып келе жатыр. Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда өзара сауда айналымы тек 100 млн доллар болса, қазір бұл көрсеткіш 6 млрд долларға жетіп отыр. Осыған қарап-ақ біз 30 жыл ішінде қаншалықты ынтымақтастығымызды дамығанын көре аламыз, – деді Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ебрен Мүдеррісоғұлы.

Алматыда Түркияның 100 жылдығы тойланды
Өзгелердің жаңалығы