Алматыда туристерге тауға саяхаттауды кейінге шегере тұру ұсынылды

11 Маусым 2022, 03:18
1837
Бөлісу:
Алматыда туристерге тауға саяхаттауды кейінге шегере тұру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-13 маусымда Алматы таулары бойынша дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн күркіреп, дауыл тұрады, бұршақ түседі деп күтіледі. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ны құрайды. Сондықтан бұл күндері туристерден тауға барудан бас тартуды сұраймыз! – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство «112» мен БАҚ-тағы құлақтандыру хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы