Алматыда туристерді көшкіннен құтқару бойынша ауқымды жаттығу өтті

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар қар астында қалған адамдарды іздеу бойынша кешенді әдістерді пысықтады.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 21:50
Бүгiн 2026, 21:50
166
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы Shymbulak тау-шаңғы курортында қар көшкіні жағдайында әрекет етуге арналған тактикалық-арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның басты мақсаты – ТЖМ авиациясын қолдана отырып, туристерді іздеу және құтқару тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ медициналық көмекті жедел көрсету уақытын қысқарту.

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар қар астында қалған адамдарды іздеу бойынша кешенді әдістерді пысықтады. Атап айтқанда, құтқару сүңгісі, кинологиялық топтар және RECCO жүйесі қолданылды. Сонымен қатар ратрактар мен қарда жүретін арнайы техникалар пайдаланылды. Барлық шартты зардап шеккендер дер кезінде табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Келесі кезеңде эвакуация жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер ТЖМ тікұшақтары арқылы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Бұл медициналық көмек көрсету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығуға «Барыс» республикалық құтқару қызметі, Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару және курорттың құтқару бөлімшелері қатысты.

Мамандардың айтуынша, мұндай жаттығулар төтенше жағдайларда жедел әрі үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Наверх