Алматыда түрік фильмдерінің апталығы өтеді

28 Қазан 2019, 21:31
2563
Бөлісу:
Алматыда түрік фильмдерінің апталығы өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 28-31 қазан аралығында "V Түрік фильмдері апталығы-Алматы" шарасы өтеді.

Іс-шараға Түркия Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, Әділет және даму партиясының Орду депутаты және "Yerli Düşünce Derneği" ұйымының президенті Метин Гүндоғду және тағы басқа да Түркиядан келетін саясаткерлер мен өнер адамдарының қатысады.

Сондай-ақ Түрік фильмдері апталығының ашылу салтанатында режиссер  Шүкрү Алачамның "Тұрғын үй" фильмі көрсетіледі. Сонымен қатар, "Ішімдегі қазына", "Шеф", және "Рафадан Тайфа" фильмдері (анимациялық фильмі) киносүйер көрермендерге тегін ұсынылады.
 
"Жиын барысында Түркиядан келген режиссерлер, актерлер және продюссерлер мен қазақстандық кино саласы мамандарының кездесулері өтеді. Онда бірлесе отырып фильм түсіру мәселелері бойынша екі жақты мәселелер қаралады" - делінген таратылған ақпаратта.
Аталған шара Түркия Республикасы мәдениет және туризм министрлігі, сыртқы істер министрлігі және Алматы Бас консулдығы демеушілігімен "Yerli Düşünce Derneği" ұйымының ұйымдастыруымен  өткізіледі.
Өзгелердің жаңалығы